Оңтүстік Кореяның көркемөнер тобы Солтүстік Кореяның орталық қаласы Пиоңяңда (Пхеньян) алғаш рет спектакл қойды. Бұл екі Корея арасындағы мәдени байланыстардың ең бір биік деңгейге жеткені. Қойылымды Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун (Kim Jong Un/Ким Чен Ын) және бірқатар үкімет лауазымдылары көрген. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Бұл Ким Жоң Унның алғаш рет Оңтүстік Корея көркемөнер өкілдерімен кездесуі. Ол қойылымнан кейін оңтүстік кореялық көркемөнер өкілдерімен кездесіп, қойылымға оң бағасын берген. Екі Корея арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастың біртіндеп жақсаруына екі елдің көркемөнер үйірмелері де ықпал етті. Пиоңчаң қысқы Олимпиадасында Солтүстік Корея көркемөнер тобы арнайы қатысты және Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайнмен кездескен болатын.
Осы айдың соңында екі Корея басшылары тарихи кездесу өткізеді. Бұл Корей түбегі қайшылығының шешім табу нүктесі болады деп күтілуде.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?