Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Түркия билік өкілдері мен қаржыгерлері АҚШ пен Қытай арасындағы "сауда соғысынан" көп пайда күтуде. Олардың болжамынша, АҚШ-тың негізгі қарсыласы Қытайға қарсы бастаған "сауда соғысы" Түркия үшін үлкен мүмкіндіктер ашуы мүмкін.
Екі ірі держава арасындағы "сауда соғысының" себептеріне егжей-тегжейлі тоқталмай-ақ, қарапайым бір себебін атар болсақ, соның бірі — "Жібек жолы" жобасы екені белгілі. Тек қана Қытай емес, бүкіл Азия құрлығына таралатын бұл жобаға 1 трлн. долларлық инвестиция құйылғаны туралы да ақпарат бар. Ал енді АҚШ тарапынан Қытайға соққы жасау мақсатында басталған осы соғыс әлемдік экономиканың тепе-теңдігін өзгертетін "Бір белдеу — бір жол" алып жобасының жүзеге асырылуын жеделдетер болса, Түркияға үлкен мүмкіндіктер ашылмақ. Себебі, 65 мемлекетті қамтитын осы ауқымды жобаның орталығында орналасқан Түркия, Батыс пен Шығыс арасында жасалатын сауда белдігінің негізгі нүктесі болуымен қатар, ұшақ қатынасы арқылы есептегенде екі тарапқа дейінгі 4 сағаттық сапары мен 52 мемлекетке көпір болуы арқылы экономикасын дамытудан үмітті.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді