Америка "Сүрияның келешегі" атты партия құрды деп хабарлайды "abhaber.com" сайты. Дегенмен, саясаткерлер АҚШ-тың бұл қадамына күдікпен қарайды. Олар "Күрдтердің халықтық қорғау отрядын" (YPG) құтқару үшін құрып отыр деп бағалауда. Негізінде, АҚШ бұдан бұрын "YPG"-ға "Сүрия Демократиялық күштері" (Syrian Democratic Forces) деген атау берген болатын. Енді әлемдік ақпарат беттерінде жаңадан құрылған "Сүрияның келешегі партиясы" (Syria's Future Party) деген партияның аты өзгерсе де, заты өзгермегенін, яғни "Күрдтердің халықтық қорғау отрядының" (YPG) нағыз өзі екеніне қатысты күмәнді пікірлер жазылуда.
АҚШ Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің бірі Хизер Нойерт бұл жаңалыққа қатысты: "БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің 2254-шешімі бойынша, Сүриядағы жан түршігерлік ахуалға нүкте қою үшін саяси шешім қажет болғандықтан, қандай партия болса да бәрібір, біз қолдау көрсетеміз" деді. Ол тілшілердің "Сүрияның келешегі партиясы" "Демократиялық одақ" партиясының (PYD) бір бөлшегі ме? деген сауалына: "Менің түсінгенім, бұл көп ұлтты және сол аймақта тұратын адамдардан құралған партия" , - деп екіұштылау жауап қайтарды.
"Сүрия келешегінің" құрамында террорлық ұйымға қатысы бар көптеген есімнің бар екендігі халықаралық ұйымдардың назарын аударуда. Одан бөлек, жаңа партияның құрылуына орай ұйымдастырылған конгресте қолданылған ұрандардағы жазуларды жергілікті құрылымдар Асад режимімен мәмілеге келуге дайындық ретінде бағалады. Бір қызығы, жаңа партияның атқарушы кеңес мүшелерінің тек YPG-ның нысанындағы солтүстік Сүриядан таңдалғаны да мәлім болды. Бұл партияның ендігі бағыты мен "Күрдтердің халықтық қорғау отрядына" (YPG) қаншалықты қатысы бар екендігі уақыттың еншісіне.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні