Өткен аптаның соңында өткен БҰҰ мәжілісінде, Солтүстік Корея халықаралық операциялық желі арқылы жаһандық санкциялардан жалтарып келгені мәлім болды. Алайда, халықаралық қауымдастықтың лауазымдылары бір ауыздан АҚШ пен КХДР басшылары кездесуден бұрын Солтүстік Кореяға қарата жаңа санкция қабылданбайтынын айтты. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Солтүстік Кореяның санкциядан жалтару ісіне қарата Қауіпсіздік кеңес жаңа шаралардың жобасын дайындаған. Алайда, БҰҰ лауазымдыларының шешімі бойынша, мамыр айындағы Трамп пен Ким Жоң Унның кездесуіне дейін Солтүстік Кореяға қарата жаңа жазалау шараларын қабылдамайды.
АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы келіссөз нәтижесі белгілі болмай тұрып, Солтүстік Кореяға жаңа қысымдар жасалса, бұл аталған елдің келіссөзге деген, ең маңыздысы ядролық қарудан бас тартуға деген ынтасына кері әсер етуі мүмкін.