Қазақстан спортшысы Анна Шевченко 28 қысқы универсиаданың алғашқы медалын еншіледі. Бұл туралы Today.kz хараблады.

Анна шаңғышылардың 5 шақырымдық классикалық стилдегі жекелей жарысында бақ сынаған болатын. Бұл сынның алтын медалын ресейлік Лилия Василева, күміс медалын оның отандасы Анна Нечавской иеленді. Ал, жерлесіміз қола жүлдені қанағат тұтты.

Жарыстың  бұл түріндегі спортшыларымыздың нәтижесі төмендегідей:  Ирина Быкова – 10, Ольга Мандрикова – 12, Анна Стоян – 13, Ангелина Шурыга – 18, Анжелика Тарасова – 25 орындардан көрінді.

Анна Шевченко шаңғымен сырғанаудан ҚР спорт шебері. 23 жастағы спортшы 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының, жастар чемпионтаының, Ел кубогының жеңімпазы. Әлем кубогы жарысына, әлем чемпионатына қатысушы.

Естеріңізге сала кетсек, Универсиаданың ашылу салтанаты кеше Алматы аренада президент Н.Назараевтың қатысуымен өткен болатын.

“The Qazaq Times”