Иран, Катар және Түркия - "Шайтандар үштігі". Осылай деген Сауд Арабия ханзадасы Мұхаммед Ибн Салманның мәлімдемесі дауға айналды. Иран, Катар және Түркия елдерін "шайтандар үштігі" деп атаған Салман аталған елдердің арабтардың қауіпсіздігіне көлеңке түсіретін саясат жүргізіп отырғандарын айтқан. Ол мұнымен де тоқтамай, Иранды да мәзһабшылықты жаюда деп кінәлауда.
Оның мұндай мәлімдеме жасауына не түрткі болғанына көз жеткізуге тырысқан саясаткерлер, Салманның Катармен арадағы дағдарысын "түймедейді түйедей етіп көрсеткенін" және мұның бір күнде шешілетін мәселе емес екенін айтады.
Сауд Арабия ханзадасының әсіресе "Иран өзінің идеологилық революциясын таратқысы келеді. Ал Режеп Тайып Ердоған мұсылмандардың арқасында қайтадан халифалықты орнатқысы келеді" деген сөздері әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, ақпарат құралдары арқылы талқыланып, кезекті бір даудың шетін шығаруда. Сондай-ақ, Салманның Ирак пен Мысырдың Сана аймағындағы топтарын санап, Түркия мен Иранға "шайтандар үштігі" деп кінә артқаны ешкім күтпеген әрі түсініксіздеу мәлімдеме ретінде қатты талқыланып жатыр. Даулы мәлімдеменің арты немен бітетіні әзірге ешкімге белгісіз. Бізге қалғаны, әзірге әліптің артын бағу ғана болып тұр...

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті