Ресей президенті Владимир Путин бейсенбі күні жасаған баяндамасында, Ресейдің әлемде теңдесі жоқ ядролық зымыран жасап шығарғанын мәлімдеді. Ол және мәлімдемесінде, Ресейдің одақтастары ядролық шабуылға ұшырайтын болса, онда бұл Ресейге жасалған шабуыл деп қабылдайтынын да жеткізген. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Путин Федералдық кеңестің мүшелеріне жасаған жылдық баяндамасында белгілі болғаны – Ресей ядролық қарудың жаңа түрін сәтті сынақтан өткізген, 2017 жылдың соңында сынақтан өткізілген жаңа зымырандарды қосқанда, бұл қазір әлемдегі ең озық ядролық зымыран болып саналады. Ол әлемнің кез-келген нүктесіне шабуыл жасай алады және зымыранға қарсы жүйелерге ұстатпайды.
Ресейдің жаппай дамытып жатқан қару-жарақтарының ішінде су асты соғысына арналған техникалар да бар. Аталған ресми мәліметте, Ресейдің ядролық қару тасымалдауға арналған, жүргізушісіз суасты кемесін сынақтан өткізгені де мәлім болды.
Одақтастарына жасалған ядролық шабуылды, Ресейге жасалған шабуыл ретінде қабылдап, бірден тойтарыс беретінін айтқан Путин, РФ-ның әскери қару-жарақ өндірісінің жаңа жетістіктерін көбірек сөз етті.
Бұл Путиннің 18 наурызда болатын президент сайлауына дейін соңғы рет Федералдық кеңесте баяндама жасауы.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді