Қазақстан СІМ Қайрат Әбдірахманов пен Қырғызстан сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев Алматыда ұсталған Жоғары Кеңес депутаты Дәмірбек Асылбекұлы жөнінде сөйлесті.
Ақпан айының 27-і күні «Орталық Азия + Вышеград тобы» министрлер отырысы аясында ҚР СІМ Қайрат Әбдірахманов қырғызстандық әріптесі Ерлан Әбділдаевпен кездескен. Кездесу барысында қос тарап 15 ақпан күні Алматы қаласында ұсталған Жоғарғы Кеңес депутаты Дәмірбек Асылбекұлының қамауға алынуы мен азаматтығы туралы мәліметтерді түсіндіру мәселелерін талқылаған.
Естеріңізге салайық, ақпана айының 15-і мен 16-сы күндері Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілген арнайы операция барсында Қырғызстан Жоғары Кеңесінің депутаты Дәмірбек Асылбекұлы ұсталған. Тексеру барысында оның Қазақстан азаматтығын алғандығы анықталған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды