Тәжікстанның Хатлон облысында арақ-шарап шығаратын үш зауытқа айыппұл салынды. Тағы бір шарап зауытының лицензиясы екі жыл мерзімге алынған.
Билік өкілінің хабарлауынша, «Тәжікстан», «Кухсори Хатлон», «Хуррамзамин» және «Форсиён» кәсіпорындары арақтың құрамында спирттің көлемін азайтқан және талапқа сай келмейтін ыдысқа құйған.
«Тексеру билік өкілдерімен бірлесіп жүргізілді. Ішімдіктің үлгісін алып тексерген кезде, талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Барлық кәсіпорынға айыппұл салынды. Олар олқылықтарды қалпына келтіргеннен кейін ғана жұмысын қайта жалғастыра алады», - деп атап өтті «Тәжікстандарт» өкілі Шодимат Раджабов.
«Кухсори Хатлон» кәсіпорнының директоры Раджабали Одинаев компанияға 15 мың сомони (1,6 мың доллар) айыппұл салынғанын растады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер