Венгрияның СІМ-і Питер Сжижарто (Peter Szijjarto) Жан Ассельборнды (Jean Asselborn) "Еуропаны мигранттарға толтырмақшы" деп кінәлады, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Алдында Ассельборн венгриялық Виктор Орбанды (Viktor Orban) диктатор деп сынаған.
Венгрия босқындарға баспана табумен айналысатын ұйымдардың қызметін шектеу туралы заң қабылдаған болатын.
Ассельборн ойынша, "билікті сақтап қалу үшін саяси парасаттылықтан аттап өту диктаторларға тән". Сжижарто болса, "Ассельборн барып тұрған жарымес, Венгрияның халқы ненің жақсы, ненің жаман екенін білу үшін Люксембургтың СІМ-нен кеңес сұрамайды" деп жауап берді.
Сонымен қатар "Орбан үкіметі Венгрияның қауіпсіздігін қорғау мақсатында осындай қадамға барып отыр. Ал Люксембургтың СІМ-і Джорд Сорос және соның серіктестерімен қосылып Венгрияны миграттарға толтырмақ" деп қосты.
Amnesty International-дың мәліметінше, жаңа заң "миграцияны қолдайтын" ұйымдарды Венгрия аумағында жұмыс істеу үшін рұқсат алуға мәжбүрлейді. Сонымен қатар бұл ұйымдар миграциялық операцияларына шетелдік қаржыландыру көзін таба алса, 25 % көлемінде салық төлеуге тиіс.
Польша, Венгрия сияқты бұрынғы коммунистік елдер анти-иммигранттық саясат жүргізуде. Бұл елдерге баспана іздеп келетін босқындар саны батысеуропалық елдерге қарағанда әлдеқайда аз.
Еуростаттың соңғы ақпаратынша, 2017 жылдық желтоқсан айында Германиядан баспана беру туралы келіп түскен өтініш саны 5235, ал Венгриядан баспана сұрағандар саны 120 екен.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы