ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін латын графикасынағы қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті. Президент қаулысы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Президент қаулысымен бекітілген қазақ тілінің жаңа әліпбиі, 20 ақпан.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан «Ғалымдар одағының» мүшелері 2017 жылдың 26 қазанындағы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қатысты ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдаған.
Осылайша ғалымдар ҚР президентіне латыннегізді әліпбидің жаңа Жобасы туралы концепция негіздемесін ұсынған еді.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды