Ауғанстанға көмектесу бойынша БҰҰ миссиясы мен адам құқығы жөніндегі БҰҰ Басқармасының бейсенбі күні берген есебі бойынша, 2016 жылы елде қайтыс болған адамдар саны 3438-ге, ал жараланғандардың саны 7015-ке жеткен, - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.

Ауғанстанның арнайы өкілі Тадамичи Ямамото (Tadamichi Yamamoto): "Бұл статистикалық көрсеткіштер соғыстың әсерін көрсеткенімен, қарапайым халыққа, әсіресе, әйелдер мен балаларға түскен ауытрпалықты, олардың қайғысын жеткізе алмайды", - деді.

2009 жылы елде БҰҰ миссиясы басталғалы бері қақтығыстар мен суицидтен қайтыс болғандар саны 2017 жылы 2300-ге жетті.

Қарулы күштердің жарылғыш заттарды пайдалануы өткен жылы жүздеген адамның өліміне алып келді. "Осындай жарылғыш заттардың заңсыз, әрі бей-берекет түрлі аймақтарда қолданылатыны адамды қорқытады"- дейді Ямамото.

Есепте жалпы құрбандардың 42%-на ауған талибандары, 10%-на "Ислам мемлекеті" жауапты деп көрсетілген. 20%-ға жуығының өліміне ауған ұлттық қауіпсіздік әскері мен халықаралық қарулы күштер кінәлі көрінеді.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссары Зейд Раад аль-Хусейн (Zeid Ra'ad Al Hussein) "кінәлілерді жауапқа тартуға" шақырды. Сонымен қатар "Қаншама адамның өліміне жауапты адамдар жазасынан қашып жүргенде Ауғанстан халқы осымен неше жыл үрейленіп, соғыстан көз ашпай өмір сүріп келеді. Мұндай шабуылдар халықаралық гуманитарлық құқық тарапынан тыйым салынған, көп жағдайда олар қарапайым шабуыл емес, әскери қылмыс болып келеді",- деді.

БҰҰ ақпаратына сәйкес, әйелдер өлімі 5%-ға өскен: 359-ы мерт болып, 865-і жарақат алған.

2016 жылмен салыстырғанда бала-құрбандар саны 10%-ға өсіп, жалпы 3179 адамды құраған (861-і қайтыс болған, 2318-і жараланған).

“The Qazaq Times”