Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мегаполистің тұрғын үйлер аулаларында ақылы көлік тұрақтарының болуы мүмкін деген сөздің жалған екенін айтты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қаласы әкімдігінде бұл туралы шешім қаралған жоқ, сондықтан тұрғын үйлер аулаларында ақылы көлік тұрақтарының бомайтынын барша жауапкершілікпен айтамын. Аула аймақтарында көліктер проблемасын шешу үшін біз абаттандыру ережесіне өзгерістер енгізуді қарастырып жатырмыз, яғни тұрғындардың жалпы шешімі бойынша ПИК-тер арқылы шлагбаумдар орнатылуы мүмкін», - деді М.Исахов.
Ол шлагбаум қойылған кезде арнайы көліктер- өрт сөндіруші, жедел жәрдем техникалары аулаға еш кедергісіз кіре алатынын жария етті. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы биылғы жылдың екінші тоқсанында жаңа ереже жасау жоспарланғанын хабардар етті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді