Жон (John) Оңтүстік Суданның Ұлттық Либералды Қозғалысына өз еркінсіз алынған 700 баланың бірі. Оның жасы бар болғаны 15-те болатын.
Жон Al Jazeera-ға берген сұхбатында: "Баққа қарай бара жатқанымызда олар бізді күштеп алып кетті. Қашып құтылған күннің өзінде кейіннен тауып алады да, қайтадан әскерге қосады" - деді.
Оңтүстік Судандағы азаматтық соғыстың жалғасып келе жатқанына 5 жыл. Соның кесірінен мыңдаған адам қайтыс болып, елден миллиондаған адам көшіп кетті.
ЮНИСЕФ мәліметінше, елдің әскер қатарындағы балалар саны 2013 жылы соғыс басталғаннан бері күннен күнге артып келеді.
Ұлттық Либералдық Қозғалыс қатарына алынған 13 жастағы Сара (Sarah): "Бақта жұмыс істеп жатқанымда олардың келе жатқанын көріп қаша жөнелдім. "Неге қашып бара жатырсың? Дәл қазір тоқтамасаң, ата саламыз" дегеннен кейін орнымда тұрып қалдым", - деген.
8 ақпан күні Ямбиода (Yambio) Ұлттық Либералдық Қозғалыс қатарында 300-ден астам бала бар екені анықталды. Бірақ әскери топтар балаларды күштеп өздерінің қатарына алатындығын мойындамайды.
Жалпы соңғы 5 жылда елден 2000-ға жуық бала көшірілген, бірақ әскери топтар олардың орнын толтырып үлгеріп жатыр. Балалардың көбісі отбасыларының қайда екенін де білмейді. Ал қалғандары соғыссыз өмірді елестете алмайтындай жағдайға жеткен.
"Қазіргі міндетіміз - сол балаларды қоғамға қайта қосу. Ал бұл процесс кемінде 2-3 жыл уақытты алады. Оларды жанұяларына қайтарып, мектепке апару керек. Сонымен қатар жазықсыз балаларды қайтадан әскер қатарына күштеп алып кетпестей ету керек" дейді ЮНИСЕФ өкілі Махомбо Мдои (Mahombo Mdoe).


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді