Осы жылдың қаңтар айында Қазақстанда автокөлік сатылымы экспортты қоспағанда 36,9 пайызға өскен. Бұл 2017 жылға қарағанда жоғары болып отыр, деп хабарлайды Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі.
Аталған қауымдастық елдегі ең танымал және көп сатылған көліктердің тізімін жасады.

Ең көп сатылған көліктердің үштігі бойынша Ravon автокөлігін сатып алғандар көбейген. Аталған көлік маркасына қызығушылық 2017 жылғыдан да арта түскен. Мысалы дилерлер осы жылдың бірінші айында 492 көлік сатқан. Ал Lada (785 көлік,+143%) және Toyota (665 көлік, +69,2%) көліктерінің сатылымы өткен жылғыдай тұрақты.
Ең көп сатылған көліктердің алғашқы бестігіне Hyundai (237 көлік, +33,9%) және ГАЗ (155 автокөлік, -8.8%) кірді.
Сондай-ақ, бір ғана айда ең көп сатылған 10 көлік тізімінде Kia (133 көлік, +11.8%), Nissan(106 көлік, +51,4%), UAZ (73 бірлік -27%), Lexus (69 көлік, -5,5%) және Volkswagen (58 бірлік, - 41,4%) маркалары бар.
Ал көліктердің моделіне келер болсақ, қаңтар айында Ravon маркасының Ravon Nexia R3 моделінен 241 көлік сатылған. Осылайша ең көп сатылған модельдердің ондығына Ravon Nexia R3, Lada Granta (216 бірлік), Lada 4x4 (212 бірлік), Toyota — Land Cruiser Prado (191 бірлік) және Camry (181 бірлік) кірді.

Қаңтар айында сатылған көліктер.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді