Бүгін Оңтүстік Кореяның Пиоңчаң қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары басталады. Онда әлемнің 92 елінен келген 2500 жуық спортшы 102 медальды сарапқа салады. Осыған байланысты бүгін біз әлемдік спорт басылымдарының Қазақстан және Орталық Азия спортшыларына жасаған болжамдарына қысқаша тоқталуды жөн көрдік.

Өзбекстандық мәнерлеп сырғанаушы Миша Ге.

Жалпы биылғы қысқы Олимпиада ойындарына Орталық Азиядан 61 спортшы қатысады. Оның 57-сі Қазақстаннан да, қалған 4-уі Өзбекстан және Қырғызстаннан. Ақпан айының 9-ы мен 25-і аралығында Оңтүстік Кореяның Пиоңчаң қаласында өтетін Олимпиада ойындарында Өзбекстан намысын мәнерлеп сырғанаушы Миша Ге мен шаңғышы Кәмілжон Тухтаев қорғайды.

Қырғызстандық шаңғышы Тариэль Жарқымбаев.

Ал Қырғызстанның атынан биылғы Олимпиадаға тау шыңғысынан Евгений Тимофеев пен классикалық спринттен Тариэль Жарқымбаев қатысады. Бірақ шетелдік спорт сарапшыларының сөзінше, Өзбекстан мен Қырғызстан спортшыларына бұл жолғы Олимпиададан медаль алғанды былай қойғанда, төрт жылда бір келетін спорт додасына қытысудың өзі үлкен жетістік.

Америкалық «Sports Illustrated» спорт журналының болжамы бойынша, Орталық Азия елдері арасында биылғы Олимпиада ойындарында жоғары орындардан көрінуге Қазақстанның ғана мүмкіндігі бар. Оның өзінде Олимпиадаға аттанған 46 спортшының ішінде фристайл-могулдан Дмитрий Рейхерд күміс, шаңғы спортында Алексей Полторанин қола жүлде алуы мүмкін. Ал «The Associated Press» басылымының болжамы бойынша, Қазақстан биылғы Олимпиададан тек бір ғана қола ала алады. Оны фристайлшы Дмитрий Рейхерд алуы мүмкін.

Қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд.

Олимпиада ойындарының алғашқы ойын күнінде фристайлдан Дмитрий Рейхерд, Юлия Галышева және Павел Колмаковтың финалға шыққанын ескерсек, әлемдік басылымдардың Дмитрий Рейхердқа қатысты айтқан болжамдарының шындыққа жақын екендігіне көз жеткізуге болады.

“The Qazaq Times”