6.4 балдық жер сілкінісі аралдың шығыс жағалауынан 20 шақырым жерде шамамен 23.50-де болған, - деп хабарлайды BBC ақпарат агенттігі.
Хуалиен (Hualien) қаласындағы көптеген ғимарат қайта қалпына келмейтіндей қирады. Құтқарушылар бір ғимараттағы 140-қа жуық адамның есебіне әлі жете алмай отыр.
Туристер ең көп баратын Хуалиен қаласында шамамен 100 мыңға жуық адам тұрады. Қала әкімшілігі тұрғындарға қираған ғимараттардан алшақ жүруге ескерту жасап, жер сілкінісінен кейін баспанасыз қалған 800-ге жуық адамды қоғамдық ғимараттарға орналастырды.
Астыңғы қабаттарында дүкендер орналасқан "Yunman Cuidi" тұрғын үйі жер сілкінісінен шамамен 45 градусқа бір жаққа қарай қисайып кеткен. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, осы ғимараттағы 143 адам сыртқа шыға алмай отыр.
Құтқарушылар Маршал қонақүйінде қалып қойған 2 адам және тағы басқа да ғимараттардан шыға алмай қалған 3 адам іздестірілуде. Құтқару қызметтері мен сарбаздар ғимараттардан жалпы 150-ге жуық адамды аман-есен алып шыққан.
Қаладағы барлық жолдар мен көпірлер жабық, 40 мыңға жуық үй су мен жарықсыз отыр.
Тура 2 жыл бұрын Тайуанның Тайнан қаласында болған жер сілкінісі 116 адамның өмірін қиған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы