Ресей Қырғызстанның 240 миллион доллар қарызын кешірді – деп хабарлайды РБК телеарнасы.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ақпан айының 5-і күні Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанның 240 миллион доллар қарызын кешіруге байланысты құжатқа қол қойған. Бұған дейін Ресей аталмыш қарыздың 188,9 миллионын 2013 жылы есептен шығарып тастаған. Бірақ соның өзінде осы уақытқа дейін Қырғызстан Ресейге 300 миллион доллар қарыз болған.
РБК арнасының мәліметінше, 2016 жылы Ресей Өзбекстанның 865 миллион доллар қарызын, Моңғолия, Ауғанстан, Ливияның 16 миллиард доллар қарызын кешірген.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың тамыз айында Ресей Федерациясы Кеңестер одағының 125,2 миллион доллар көлеміндегі соңғы қарызын Босния және Герцеговина еліне төлеп біткенін мәлімдеген болатын.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды