2018 жылдың 20 қаңтарында мыңдаған румындық елдің заң жүйесін қайта құру жобасына қарсы наразылықтарын білдірді. Бұл өткен жылдан бері үкіметке қарсы жалғасып келе жатқан көтерілістердің соңғысы, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда Румынияның көптеген жетекші саясаткерлеріне қатысты жемқорлық, салықтан жалтару немесе ЕО қорларын алаяқтық мақсатта пайдаланғаны үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол себепті дәл осы заң шығарушы билік заң жүйесін қайта құру арқылы оларды жауапкершілікке тартуды көздейтін көрінеді.
Елдегі жемқорлықтың деңгейін төмендету жолында күресіп жүрген "Жемқорлыққа қарсы директорат" (Romanian Anti-Corruption Directorate) тергеушілері соңғы 5 жылда 1 премьер-министрді, премьер-министрдің 2 орынбасарын, 11 министрді және 50-ден астам парламент мүшелерін қосқанда 70-тен астам адамды темір тордың ар жағына жіберді. Директорат басшысы - Лаура Ковеси (Laura Kovesi): "Заң жүйесін қайта құру ұсынысы реформа қажеттіліктеріне негізделмеген. Шын мәнінде жемқорлық әбден жаулап алған заң шығарушы билік өзін директораттан қорғап қалғысы келеді. Мысалы, тергеу жұмыстарында дәлелдерге көп жағдайда арнайы операциялар кезінде қол жеткіземіз. Ал қазір олар бізге осындай арнайы операциялар жүргізбеудің барлық амалдарын қарастырып жатыр. Бұл тек біздің жемқорлыққа қарсы күресімізге ғана емес, есірткі, адам тасымалы, және киберқылмыспен күресетіндердің да жұмысына кері әсерін тигізетіні анық" - деген болатын.
Румыниядағы тергеу жұмыстарын жүргізетін журналистер тобының жетекшісі, зерттеуші Аттила Биро (Attila Biro) Euronews-ке берген сұхбатында: Негізгі әңгіме елдегі ең ықпалды саясаткер, жергілікті қайта құру компаниясы Тель Драмды (Tel Drum) өз бақылауына алған Ливиу Драгня (Liviu Dragnea) жайлы болып отыр. Румынияның құпия қызметі дайындаған есеп мәліметіне сүйенсек, аталған қайта құру компаниясына жергілікті және ұлттық бюджеттен жүздеген млн еуро қаржы жіберіліп отырған. Сонымен қатар, мемлекеттік және жергілікті бюджеттен Тель Драмға аударылған 400 млн еуроның белгілі бөлігі Драгняның достарына және ұлына жіберілген, - деді. Драгня өз кезегінде жоғарыдағы айыпқа "бұл маған емес, тікелей үкіметке қарсы шығу" деп жауап берді.