Сейсенбі күні АҚШ мемлекеттік қызметкерлері елдің Батыс жағалауында цунами туралы ескертуді ресми күшінен қалдырды. Осыдан бұрын Аляскаға жақын теңіз түбіндегі 7,9 баллдық жер сілкінісі маңындағы арал тұрғындарын биік жерлерге көшуге, сондай-ақ АҚШ-тың Батыс жағалауында цунами туралы ескерту жариялауға мәжбүрледі. Бұл мәліметтер британдық Колумбиядан, Канаданың оңтүстік Калифорниясына дейінгі миллиондаған адамдарға әсер етті. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлайды.

Көптеген тұрғындарды алаңдатқан цунами туралы ескертуді АҚШ-тың Мемлекеттік Цунами орталығы (National Tsunami Center) күшінен қалдырды. Алайда, Аляска штатындағы кейбір жерлерде дауыл мен цунами туралы ескерту күшін жоймады. Канада үкіметі де оңтүстік-батыс аумағындағы ескертуді сейсенбі күні тоқтатты.

АҚШ-тың Мемлекеттік ауа райы қызметі (National Weather Service) берген мәліметте, жер сілкінісінің цунами туғызғанын растады, алайда, бұл цунамидың қуаты аталған аумақтарға қауіп төндірмейтінін айтты. Десе де, Аляска жағалауларында сақтық шараларын қолға алуды ескертті.

Құрама Штаттардың Ұлттық геологиялық қызметінің ескертуіне сәйкес, жер сілкінісі сағат 00:33 шамасында болған. Сілкініс орталығы Алясканың Кодиак аралынан оңтүстік-шығысқа 250 шақырым қашықтықта.

“The Qazaq Times”