2017 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында 26240 тұрақты жұмыс орны ашылды. Жұмысқа орналастыру туралы өңірдің уәкілетті органдарына 48390 адам жүгінсе, оның 32362-сі еңбекпен қамтылған, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қоғамдық жұмысқа 10120 адам тартылған. Жалпы сомасы 3149,3 млн теңге болатын әлеуметтік көмек түрлері 146,9 мың адамға көрсетілген, соның 768,6 млн теңгесі 37,7 мың адамға – аз қамтылған отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына, 104,3 млн теңгесі 2,6мың адамға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілген.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімі Амандық Баталов жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын цифрландыруды ұйымдастыру,әлеуметтік атаулы көмектің жаңа фортматқа көшуіне байланысты орталық жұмысын жаңа жүйеге бейімдеу,жаңа форматтағы әлеуметтік атаулы көмек алатындардың санын нақтылау бойынша тапсырмалар берген.