2017 жылы Қазақстанда бөлшек сауда айналымы 8,8 трлн теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға артық болып отыр.
Сонымен бөлшек саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен базарда жұмыс істейтіндер 4 трлн теңгеге (45,3%), сауда желілері 4,8 трлн теңгеге (54,7%) сауда жасаған.
Бөлшек саудада сатылған азық-түлік тауарларының үлесі - 36,7% (3,2 трлн теңге), азық-түлік емес тауарлардың үлесі – 63,3% (5,6 трлн теңге). Азық-түлік сатылымы бір жылда 8,7%-ға, басқа тауарлардікі 4,9%-ға өскен.
Бұдан бөлек, 2017 жылдың желтоқсанында сауда көлемі 16,9%-ға өсіп, 1 трлн теңгеден сәл асқан. Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтардың азық-түлікке жұмсаған қаржысы 16,5%-ға (388 млрд теңге), ал азық-түлік емес тауарларға жұмсаған қаржысы 17,1%-ға (688,5 млрд теңге) артық болған.