Қытай Халық Республикасы Пәкістан аумағында екінші әскери базасын салуды жоспарлауда – деп хабарлайды South China Morning Post газеті.
Басылым мәліметінше, Қытай билігінің Пәкістан аумағында ашпақшы болып отырған екінші әскери базасы алдағы уақытта әскери кемелерді орналастыру мен «Бір жол, бір белдеу» стратегиясы аясында түрлі логистикалық мақсаттағы жұмыстарды жүзеге асыруға септігін тигізетін болады. Әскери база Пәкістанның Гвадар порты жанынан салынады деп жоспарлануда.
Айта кететін бір жайт, Қытай үшін Пәкістан Афикаға апаратын алтын қақпа. Ресми Бейжің өзінің «Бір белдеу, бір жол» жоспарында "Гвадар порты Африкамен байланыстыратын стратегиялық маңызы бар нысан" деп көрсеткен.