Осыдан екі күн бұрын Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын/Kim Jong Un) ядролық қаруды іске қосатын қобдишаның жұмыс үстелінің үстінде тұрғанын ескерту ретінде айтты. Бұдан бірнеше сағат өткеннен кейін АҚШ президент Дональд Трамп әлеуметтік желісі парақшасында өзінің қолындағы ядролық түйменің әлде қайда қуатты, әрі үлкен екенін айтып даурықты.
Ядролық түймені басу ядролық соғыстың басталуын немесе ядролық қарудың іске қосылуын білдіреді. Бірақ, шын мәнінде, Трамптың айтқанындай ядролық түйме оның үстелінде немесе қолында тұрған жоқ. Олай болса «ядролық түйме» деп отырғаны не? Трамп немесе Ким Жоу Ун ядролық соғысты тұтандыратын бұл түймешікті оп оңай баса сала ма?
«Пряник» пен «Фудбол»
АҚШ қарулы күштерінің ең жоғары қолбасшылығы ретінде Трамптың қолында «пряник» пен «фудбол» бар. Бір жыл бұрын, нақтырақ айтқанда 2017 жылы 20 қаңтар күні Уашингтонда Құрама Штаттың жаңа президенттің инаугурациясы кезінде, бір былғары қапты қобдишаны көтерген офицер осыған дейінгі АҚШ президенті Барак Обамамен бірге жүрді. Жаңа президент ант беріп, президенттік лауазымды қабылдағанда бұл офицер қолындағы қобдишаны Трамптың жанында еріп келген офицерге тапсырып берді.
Бұл сөмкені АҚШ лауазымдылары «футбол» деп атайды. Бұл сөмкенің ішінде ені шамамен 3 дюймдік, ұзындығы 5 дюймдік цифрлық қатты диск салынған. Оны Уашингтон шенділері «пряник» деп атайды. Бұл «пряник» Құрама Штаттың стратегиялық ядролық қаруларын іске қосушы паролі болып табылады.
«Пряник» пен «футболды» қалай пайдаланады?
Ядролық шабуыл, бұл әрине АҚШ-тың Қорғаныс министрін қамтыған, жоғары лауазымды тұлғалардың тізбегі арқылы орындалады. Тек, ядролық шабуылдың соңғы шешімін жасайтын адам – АҚШ президенті. Егер Трамп ядролық қаруды қолданғысы келсе, ол алдымен консультанттар тобымен бірқатар нұсқаларды зерттеп, одан кейін Пентагонның лауазымдыларына тапсырма бере алады. Бұл лауазымдылар пароль арқылы президенттің жеке басын растайды. Пароль «пряник» яғни цифрлық дисктен басылып шығарылатындықтан, президент қайда барса да ядролық қобдишаны өзімен бірге алып жүреді. Бұйрық пен пароль тұрақтанғаннан кейін ядролық қару атылуға дайын болады.
Қарулы күштер президент бұйрығын орындамауға құқығы бар ма?
Президент ядролық шабуыл туралы пәрменді бұйрық бергеннен кейін, Қорғаныс министрі оны жүзеге асыруына тура келеді. Теория жүзінде, егер Пентагон басшысы президенттің бұйрығынан және оның өзін куәландыруынан күдіктенуге себеп болған жағдайда бұйрықты орындамауына болады. Бірақ бұл қарсылыққа тең саналып, президент оны жұмысынан алып тастай алады және бұйрықты Қорғаныс министрінің орынбасары орындай алады. АҚШ Конституциясының 25-ші бабына сәйкес, АҚШ вице-президенті теориялық тұрғыдан президенттің қате шешімдері мен бұйрықтарын мәлімдей алады. Бірақ, оның мәлімдемесі үкімет кабинетінің басым көп қолдауына ие болған жағдайда ғана іске асады.