АҚШ президенті Доналд Трамп сәрсенбі күні иммиграция туралы жарлыққа қол қоюы мүмкін. Ол жарлық мұсылман елдерінен келетін босқындар мен мигранттарға қатысты. Бұл туралы конгрессмендердің бірнеше көмекшілері мен иммиграцияға қатысты сарапшыларға сілтеме жасап, reuters.com хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, Трамп бұл жарлыққа Ішкі Қауіпсіздік Министрлігінде қол қояды деп күтілуде. Конгрессмен көмекшілері, сарапшылар және бірнеше атын атамауды жөн санаған тұлғалардың келтірген мәліметтері бойынша, Трамптың бұл жарлығынан кейін, Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан, Сүрия мен Йемен визалары бар босқындар мен өзге де адамдардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салынады.
АҚШ президентінің билігі шектеулі – мысалы, оның жарлықтарын Конгресс тежеуі мүмкін (егер қаражат бөлуден бас тартса) немесе сот тоқтатуы мүмкін (егер жарлық конституцияға сәйкес келмесе). Осылайша, Обама да қаражат бөлу керек деген Конгрестің ұстанымына сәйкес келмегендіктен, Гуантанамодағы әскери түрмені жаба алмаған. Сондай-ақ, оның заңсыз иммигранттарды заңдастыру керек деген жарлығы, соттың растамағандықтан жүзеге аспайтын болды. Дегенмен, Обама бастамаларын Конгреске енгізе алмаса да, өзінің саясатын жүргізу үшін жарғы-жарлықтардың ретін біліп, белсенді қолданып отырды.
Трамп та осыған ұқсас стратегия таңдауы мүмкін. Себебі, Республикалық партия мүшелері (Трамп та Республикалық партиядан) болса да, олар екі Конгресс палатасын бақылап отырады. Ал, палаталар Трампқа тікелей бағынбайды және оның күн тәртібіндегі жұмыстарды жүзеге асыруға міндетті емес.
Сондай-ақ, Ақүйде «Бостандық» ескерткішін алып тастау туралы петиция жазылды. Себебі, петиция авторының айтуынша «Ол (ескерткіш) – АҚШ-тың ашық түрде иммигранттар қабылдап алуына жол ашатын, олардың келуіне мүмкіндік беретін ескерткіш». Бұл туралы Life.ru хабарлады.
«Сендер мұнда еркін демаласыңдар», «Жел айдап әкелген үйсіздерді маған жібер» деген сыңайлы ұрандарды 150 жыл бұрын айтып едік. Қазір олай емес», – дейді автор. Бұл ұсынысқа қазіргі уақытта 3 адам қол қойды.
"The Qazaq Times"