Өзбекстан Қаржы министрлігінен 50 шенеунік жұмыстан қуылды – деп хабарлайды Kun.uz интернет газеті.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, жұмыстан қуылған 50 адамның қатарында салық және кеден саясаты департаментінің басшысы Ирина Голышева мен бухалтерлік есеп және аудит департаментінің басшысы Шарофитдин Хайдаров бар. Бұдан бөлек екі бірдей департамент басшысының орынбасары қызметінен босатылған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін желтоқсан айының 22-сі күні Шавкат Мирзиеев Қаржы министрі Джамшид Қошқаровқа министрлікті қызметіне салғырт қарайтын адамдардан тазартуды тапсырып, олардың орнына отанын сүйетін жас кадрларды жұмысқа алу керектігін айтқан болатын.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды