Ресей Сүрияның Тартус портында әскери база құрады. Бұл туралы бүгін Итерфакс ақпарат агенттігіне Ресей Әскери-теңіз күштерінің бас штабының бұрынғы басшысы адмирал Виктор Кравченко мәлімдеді.
Кравченконың сөзінше, аталмыш база Ресей қарулы күштерінің Жерорта теңізі мен Таяу Шығыстағы ықпалын күшейтеді. Осы уақытқа дейін Тартус портында Ресейге тиесілі материалды-техникалық кешен жұмыс істеп келген. Осыдан былай бұл кешен кеңейтіліп, Ресей әскери-теңіз күштеріне тиесілі базаға айналмақ. Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Тартус портындағы материалды-техникалық кешенді әскери база ретінде пайдалануға байланысты тиісті құжаттарды Мемлекеттік Думаға ратификациялауға жіберген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Владимир Путин Сүрияның Хемаймим әскери базасына сапары кезінде Ислам мемлекеті лаңкестік ұйымының талқандалғанын айтып, Сүрия аумағынан Ресей әскерін шығаруға бұйырық берген болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?