АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Америка Солтүстік Кореямен келіссөздерге кез келген уақытта дайын екенін хабарлады. Ол осы мәлімдемесі арқылы АҚШ-тың осыған дейінгі "Пиоңяң ядролық қарудан бас тартпайынша, ешқандай келісімге келмейміз" деген позициясын жоққа шығарды. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Рекс Тиллерсон Уашингтонда өткен саяси форумда: "Кездесіп, қаласаңдар ауа-райы туралы болсын сөйлесейік", - деді. Жуырда Солтүстік Кореяда ресми сапармен болған БҰҰ-ның саяси мәселелер жөніндегі өкілі Джеффри Фельтман "КХДР соғыстың болғанын қаламайды" деп, Пиоңяңның (Пхеньян) бейбіт келісімнен бас тартпайтынын білдіріп еді.
Осыған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Америка қаруланған Пиоңяңды қабылдай алмайтынын айтқан болатын. Бүгін ол қарапайым ауа-райын талқылау болса да, келіссөздерді бір тақырыптан бастау керектігін айтты. Ол қос тараптың арасында диалогтың басталуының өзі үлкен маңызға ие екендігін ерекше атап өтті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді