АҚШ жергілікті уақытымен 11 қараша күні ел президенті Дональд Трамп ғарыш саласындағы жаңа жобаға қол қойып, АҚШ-тың Айға және Марсқа ғарышкер аттандыратынын мәлімдеді. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты хабарлады.
Құжатқа қол қойғаннан кейін Трамп баспасөз мәслихатын өткізіп, аталған құжат туралы сұрақтарға жауап берген. Ол сөзінде: «АҚШ ғарышкерлері Айға Құрама Штаттың туын қадап немесе ізін қалдырып қана қоймай, болашақта Марсқа ғарышкерлерді жіберу ісіне негіз қалайтын болады. Болашақта Марстан басқа да әлемге ат басын бұруы мүмкін», – деді.
Трамп мәлімдемесінде АҚШ ғарышкерлерінің айға қонатын уақыты туралы анық мәлімет бермеді.
Адамзат тарихында 1972 жылы 11 желтоқсан күні алғаш рет Ай шарына ғарышкер аттандырған. Кеше, 11 желтоқсан бұл тарихи оқиғаға 45 жыл толды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі