Израильдің қорғаныс өкілдері кеше түстен кейін мәлімдеме жасап, Құрама Штаттан енгізілген 9 дана F-35 жауынгерлік ұшағы Израиль әскери әуе күштерінің «Алтын қыран» (Air Eagle) №140 эскадронына тіркелгенін хабарлады. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
ӘӘК-нің қызметкерлеріне жасаған мәліметінде Израиль әуе күштерінің командирі Амком Ноогин: «Израиль әуе күштеріне Таяу Шығыстағы дамып келе жатқан және күрделі мәселелерді шешу үшін жоғары сапалы әуе күштері қажет. F-35 жойғыш ұшақтары қатарымызға дер кезінде келіп қосылды. Бұл Израиль әуе күштерінің мүмкіндігі мен деңгейін көтеретін болады», – деді.
Бұл Израильдің әлемде АҚШ-тан басқа F-35 соғыс ұшақтарына ие бірден бір ел болғанын көрсетеді. Сонымен бірге АҚШ пен Израиль арасындағы ерекше стратегиялық қарым-қатынастың бар екенін түсіндіреді. Айта кетейік, Израиль ӘӘК-і 2016 жылдың желтоқсан айында өздерінің алғашқы F-35 ұшағына ие болғаннан кейін, жыл бойы жабдықтау және түзету жұмыстарын істеген.
АҚШ президенті Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп танитыны туралы шешімін жария етті. Бұл Израиль үшін табысты қадам болумен бірге араб елдерінен келетін қауіп пен қысымды арттыра түседі. Осы кезде Израиль жақ әуе күштерінің F-35 ұшақтарын ресми қатарға қосып, өңірдегі әуе күштеріндегі басымдығын танытуда.