Ресейлік миллиардер Әлішер Усманов Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевқа көмектесіп жатқандығын айтты.
Ол Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Мен Өзбекстан билігінің қаржы саласында жасап жатқан реформаларын қатты бағалаймын. Мен бұл реформа үш-бес жыл жүреді деп ойладым. Бірақ олар бұны бір жылдың ішінде жасады. Бұрын өзге елдер Өзбекстанға инвестиция салуға қорқатын. Себебі ол кезде кірістерді репатриациялау механизімі жоқ болатын. Қазір оның барлығы заң бойынша реттелген. Мен кез келген салада Өзбекстан билігіне қолымнан келгенше көмектесуге дайынмын. Менің қазіргі рөлім – кеңес беру, консалтинг және қайырымдылық шараларын өткізу» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бірнеше рет шетелге ресми іс-сапарын дәл осы Әлишер Усмановтың ұшағымен жасаған болатын. Бұл өзбекстандық және ресейлік БАҚ беттерінде қызу талқыланып, түрлі қаңқу сөздерге арқау болған. Осыдан кейін Усманов: "Шавкат Мирзиеевпен ешқандай байланысым жоқ" деп мәлімдеген.
Әлішер Усманов Forbes журналының рейтингі бойынша, Ресейдің ең бай бес адамының қатарына кіреді. Оның байлығы 15,2 миллиард долларды құрайды.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап