БҰҰ Солтүстік Кореяға өзінің өкілі Джеффри Фельтманды ресми сапармен жіберді. Өткен аптада Пиоңяң (Пхеньян) өзінің кезекті ірі зымыран сынағын өткізгеннен кейін, оған жауап ретінде АҚШ пен Оңтүстік Корея бастаған әскери жаттығулар Корей жартытүбегіндегі жағдайды онан әрі шиеленістіре түсті. КХДР басшысы Ким Жоң Ун тарапынан қатаң сынға ұшыраған әскери жаттығулар мен Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасы БҰҰ өкілі талқылайтын негізгі тақырыптардың бірі болады.
Джеффри Фельтман өзі осы қызметке тағайындалған бес жылдық еңбек өтілі кезінде алғаш рет Солтүстік Кореяға сапар шегіп отыр. Ол КХДР-да сейсенбіден жұмаға дейін болады. АҚШ пен Оңтүстік Кореяның 230 ұшақ пен F-22 Raptor stealth жойғыштарының қатысуымен өтетін әскери жаттығулары бес күнге созылады деп жоспарланған.
БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Джеффри Фельтман Солтүстік Кореяға оның ең жақын одақтастарының бірі Қытайдан аттанады. БҰҰ қызметкері Стефан Духарик Джеффри Фельтманның КХДР Президенті Ким Жоң Унмен кездесетіні белгісіз екенін хабарлады. Солтүстік Кореяға арнайы миссиямен баратын өкіл ондағы БҰҰ-ның гуманитарлық бағыттағы қызметкерлері және шетелдік дипломаттарымен кездеседі.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі