Трамп үкіметі Қытайдың жаһандық сауда ережелеріне сәйкес «Нарықтық экономика» мәртебесін мойындау туралы ұсынысын ресми түрде тойтарып тастады. Бұл қадам әлемнің екі ірі экономикасындағы шиеленісті күшейте түсуі мүмкін.  АҚШ осы шешімді Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қараша айының ортасында ортаға салды.

Трамп үкіметі бұл мәселені ұзақ уақыт ескертіп келгенімен, Құрама Штат өз шешімін алғаш рет ашық ортаға салып отыр. Әрі, бұл қарсылық әлемдік сауда тұрғысынан аса маңызды. Егер бір ел экономикасы «нарықтық экономика емес» деп аталса, басқа сауда серіктестері осы елдегі үкіметтің экономикаға қараласуы нарықты бұрмалайды, әрі өз еліндегі өндірушілерге жанбасып, әділетсіз сауда бәсекелестігін жасайды деп санайды. Экономистердің бағалауы бойынша, АҚШ пен Еуроодақ Қытайды «нарықтық емес экономика» ретінде қарастырып, қытайлық өндірушілерге экспортқа миллиардтаған доллар жоғалтқан.

Қытай Сауда министрлігі Сауда-саттық мәселелері бойынша тергеу бюросының директоры Уаң Хыжүн жақында: «АҚШ-тың Қытайға нарықтық экономика мәртебесін беруден бас тартуы көпжақты ережелердің маңыздылығы мен беделіне нұқсан келтірді. Біз тек қытайлық өндірушілердің заңды құқығын қорғау үшін қажетті шараларды қабылдадық», – деген пікірін білдірген.

АҚШ, ЕО және Қытай арасындағы сауда дауы өткен жылдың желтоқсан айында басталып кеткен. Сол кезде Қытай үкіметі ДСҰ-ға талаптарын жолдап, Қытайдың ДСҰ-ға мүше болғанына 15 жыл толуына байланысты (Қытай 2001 жылы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болған) өзге мүше мемлекеттердің ереже бойынша «нарықтық экономика» мәртебесін беруін сұраған. АҚШ, ЕО және өзге бірнеше ел бұған орай Қытайдың аталған мәртебеге жетуі үшін нарықтық экономикаға сай бірқатар саясаттарды іске асыруын талап еткен.

Бұны Қытай үкіметі орынсыз талап деп қарап, өткен жылдың соңында АҚШ пен ЕО үстінен ДСҰ-ға шағым түсіріп, АҚШ пен Еуроодақтың Қытай экономикасын «Нарықтық экономика» деп мойындауын сұраған. Қытайдың Құрама Штаттарға берген өтініші кейінге қалдырылды, бірақ Еуропаға арналған өтініш сот отырысына жіберіледі. Ал бұл рет АҚШ-тың жариялаған шешімі Қытайға қарсы ЕО-ның шешімін қолдау болып табылады.

АҚШ-тың жолдаған құжатында, ДСҰ мүшелерінің өздерінің ұзақ мерзімді құқығынан бас тартпайтынын, Яғни нарықтық емес экономика ретінде қалыптаспаған бағалар мен шығындарды қабылдамайтыны ашық айтылған. Бұл алдағы уақытта АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестікті арттыра түспек. Оның үстіне Трамптың «Америка көшбасшылығы» саясаты, АҚШ пен оның сауда серіктері арасындағы шиеленісті өршітіп келеді. Трамптың бұл саясаты қазіргі әлемдік сауда келісімінің жойылуына итермелеуде. Оған қоса, бүкіл әлемнің өнімдерді АҚШ-қа экспорт жасауын тоқтату үшін барлық шараларды қабылдауда. Оның ішінде тіпті ЕО сынды АҚШ одақтастарының өнімдерін де тежеу қамтылған.

Дегенмен, Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қытайдағы бәсекелестік шеңберінде, АҚШ, ЕО және әлемнің өзге елдері мен аймақтары тығыз ынтымақтасқандай болып көрінеді. АҚШ сауда өкілдерінің бірі осы туралы АҚШ пен ЕО мүшелері кеңесіп түсіністікке қол жеткізгенін айтты. Ресми өкілдің айтуынша, бұл мәселеде қос тараптың барлық өкілдері бірдей ұстанымға ие болған және мұндай ынтымақтастық шынымен де ауқымды. Бұл алдағы уақытта Қытайдың әділетсіз сауда әрекеттеріне ауқымды шаралардың болатынын көрсетеді.

“The Qazaq Times”