CNN арнасының сәрсенбідегі хабарына қарағанда, қараша айының бас шенінде, АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллердің қоластындағы тексерушілер мен Ақ үйдің аға кеңесшісі әрі Трамптың күйеубаласы Жаред Кушнермен кездесіп, Ұлттық қауіпсіздіктің бұрынғы кеңесшісі Майкл Флиннің мәселесіне байланысты кеңескен.
Қазір Құрама Шаттың билігі арасында Ресеймен байланысы бар лауазымдыларға тергеу қатаң жүрілуде. Бұған Трамптың күйеу баласы Кушнердің де қатысы бар деген күмән бар. Флинн болса Мюллердің қолындағы «Ресеймен астасқан» АҚШ шенділерінің арасындағы күдіктілердің бірі. Кушнердің жеке адвокатының аталған аранаға берген жауабында Кушнер бұл кездесуде 90 минут болған.
CNN-ге мәлімет берген тағы бір дерек көзінің айтуынша, бұл кездесудің мақсаты Флинн ісі бойынша Кушнердің қатыстылығын анықтайтын деректердің жоқтығына көз жеткізу. Аталған арна сәрсенбі күні, Мюллер командасы Флиннмен байланысты қазылар алқасының куәліктерін кейінге қалдырған. Ал, бұл куәліктерде Флиннің алаяқтық әрекеттері толықтай расталған екен.
Флинның адвокаттары Дональд Трамптың заңгерлік командасына өткен аптада тергеу туралы ақпарат алмаспайтыны туралы хабарлады, сондай-ақ бұл қозғалыс туралы келіссөздер бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанына да назар аударды.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес