Оңтүстік Кореяның «Yonhap» ақпараттық агенттігі сол елдің әскери дерек көздеріне сілтеме жасай отырып, желтоқсан айында Америка Құрама Штаттары Оңтүстік Кореяға 6 бірдей «F-22 Raptor» атты мульти-рөлдік соғыс ұшақтарын жіберетінін хабарлады. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Оңтүстік Кореяның Қарулы күштері таратқан мәліметке қарағанда, бұл ұшақтар алдағы айда болатын көлемді әскери жаттығуға қатысады. Ұшқыштар Окинавадағы (Жапония) АҚШ базасынан Оңтүстік Кореядағы негізгі әуе базасына ұшып келмек. Мәліметтерге қарағанда АҚШ жақ жаттығуға 4 бірдей F-35A озық соғыс ұшақтарында қатыстыруы мүмкін екен.
F-22 Raptor соғыс ұшақтары қазір әлемдегі ең озық әскери ұшақтардың қатарында. Жылдамдық пен шабуыл дәлдігінде оған тең келетін ұшақтар санаулы ғана. Осыған дейін АҚШ F-22 Raptor ұшақтарынан алтауын бірдей Корей түбегіне жіберген жоқ.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр