Оңтүстік Кореяның Солтүстік Корея істері жөніндегі министрі Чо Мион Гион мәлімдеме жасап: «Осы жылы Солтүстік Корея ядролық бағдарламаны дамытуда қарқынды түрде табыстарға жетті. Бұл Ким режимінің Корей түбегін күшпен біріктіру, әрі оған өзінің иелік ету мақсатының болғанын көрсетеді», – деді. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Чо Мион Гион бейсенбі күні сөзінде, Солтүстік Кореяның бұл амбициялары шындыққа сай келмейтінін қадай айтты. Ол Солтүстік Кореяны Оңтүстік Кореямен келіссөз жүргізуге шақырды. Солтүстік Корея соңғы айда зымыран ұшырмағанымен келіссөз үстеліне келуге ниет танытпай отырғанын алға тартты. Ол сөзінде: «АҚШ президенті Дональд Трамп өткен аптада Сеулге сапары кезінде Солтүстік Кореяға келісім беру туралы кейбір ескертулер жасағанымен, Оңтүстік Корея үкіметі Трамптың Солтүстік Кореяға қаратқан негізгі ұстанымында ешқандай өзгеріс жоқ деп санамайды», – деді.
Екі Корея арасындағы дипломатиялық істерде ұзақ жылдан бері қызмет атқарған Чо Мион Гион 2007 жылы екі ел арасындағы келіссөзді ұйымдастыруға да ат салысқан. Сол кезде Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Ил болып тұрды. Бірақ, осы реткі келіссөз сәтімен аяқталмады және екі елдің қарым-қатынасы біртіндеп нашарлай берді.
Чо Мион Гион соңғы кездердегі оқиғалардың дамуына талдау жасай келе: Солтүстік Кореяның бұл қадамдары Ким Жоң Унның ішкі ойын анық аңғартады, ол екі Кореяны күшпен біріктіріп, барлығын өзінің режиміне қаратқысы келеді. Бірақ, оның бұл арманы ешқашан іске аспайды», – деді.