Сирияның солтүстігіндегі террор нысаналарына бағытталған Евфрат операциясы жалғасуда.
Түрік қарулы күштері тарапынан Сирияның солтүстігіндегі террор нысаналарына бағытталған Евфрат операциясы жалғасуда. Операцияның 150-ші күнінде ДАИШ-тің 23 террористті өлтірілді, – деп хабарлайды trt.net
Түрік қарулы күштерінің мәлімдемесіне қарағанда ДАИШ-тен бастап террор ұйымдары төндірген қауіптерді жойып, шекара қауіпсіздігін арттыру және коалиция күштеріне қолдау беру үшін 24 тамыз күні басталған операцияға 150 күн толды. Оппозициялық күштерден құрылған арнайы жасақ топтары құрлық пен әуеден атқылаған Суфланияхты бақылауға алды.
Нысана анықтау жүйесі арқылы террор ұйымы ДАИШ-тің 205 нысанасы жойылды.
ДАИШ мүшелері тарапынан қолданылған баспана орындары, қорғаныс бекіністері, басшылық бақылау орталықтары, қару мен көліктері жойылды.
Әуе күштері қолбасшылығы тарапынан Әл-Баб, Бзагах және Каббасиннің оңтүстігі және Суфланиях аймақтарында анықталған 19 нысанаға әуе операциясы жасалды.
“The Qazaq Times”