Дональд Трамп Азияға сапарынан кейін Солтүстік Кореяға қарсы бүкіләлемдік қысым күшейетінін хабарлап, өзінің екі аптаға созылған Азиялық сапары барысында осы мәселеде серіктестердің рөлін күшейтуге күш салғанын атап өтті. Ресми сапарынан оралғаннан кейін берген сұхбаты барысында АҚШ Президенті Солтүстік Кореяға бүкіл әлемге ядролық қару арқылы қорқыныш пен үрей үстінде ұстауға жол бермейтінін айқын түсіндіргенін айтты. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Сондай-ақ, АҚШ-тың мемлекет басшысы Қытайдың Солтүстік Кореямен экономикалық байланыстарын біржола үзіп, оған қарсы нарықтық тетіктерді пайдалану жөніндегі ұсыныстары қолдау тапқанын жеткізді. "Ши мырза Солтүстік Кореяның Қытай үшін үлкен қауіп екенін мойындап отыр", - деді ол өз сөзінде.
Сенатор демократ Эдвард Маркей Дональд Трамп Азияға сапары барысында қауіпсіздік пен экономика саласындағы маңызды келіссөздерге қол жеткізе алмағанын айтады.
"Дональд Трамп Жапония мен Оңтүстік Кореяның Солтүстік Кореяға қарсы күш біріктіру туралы үшжақты келісімдерге келу жөніндегі ұсыныстарын қарастырудың орнына твиттерде өзінің Пиоңяңмен қанша рет дос болуға тырысқаны туралы жазып отырды", - дейді ол.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау