Катар Сауд Арабиясының өзіне қарсы қаржылық соғыс бастағаны туралы мәлімдеменің рас-өтірігін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын бастады. Мемлекеттік байланыс қызметінің өкілі Саиф бин Ахмед әл-Тани Катар мұндай хабарды алғаш рет шілде айында алғанын, бірақ БАҚ-тағы соңғы мақалалардан кейін қайта тексеру жүргізу басталғанын хабарлады. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.
Америкалық The Intercept басылымының дерегінше, Сауд Арабиясының Катар экономикасына әсер ету және 2022 жылы өтетін әлем чемпионатына кедергі жасау әрекеттері туралы Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшісі Юсуф әл-Отайбаның пошта жәшігінен табылған. Сондай-ақ, белгісіз қаржы институты құнды қағаздарын Катар риялында сатуды доғарған. Бұл туралы ақпаратты жеткізген әл-Тани қазір Катардың Орталық банкі аталған деректердің растығын тексеріп жатқанын айтты.
The Intercept айтуынша, Катардың экономикасын құлдыратып, ұлттық валютасын әлсірету жоспарын Люксембургте орналасқан Banque Havilland банкі дайыдаған. Әл-Жазираға пікір білдірген әл-Тани: "Егер Сауд Арабиясының Катар экономикасына кері әсер ету әрекеттерін жүзеге асырғаны рас болса, онда бұл тек біз үшін емес, бүкіл әлемнің экономикасына үлкен қатер төндіреді", -деді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі