Орта Шығыстағы екі үлкен бәсекелес елдер Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы шиеленістің өршуіне байланысты, екі күн бұрын Иран президенті Хасан Рухани Сауд Арабиясына қатаң ескерту жасады. Ол Сауд жұртына отпен ойнамауға кеңес берген еді. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты хабарлады.
Францияның AFP таратқан хабарларға қарағанда, Теһранның қолдауымен Йемендегі бүлікшіл күштер Риядқа қара зымыран аттқаннан кейін, Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман «Бұл Иранның Сауд Арабиясына ашық соғыс жариялауы» деп бағалады.
Иран президенті Хасан Рухани мемлекеттік телеарнада сөйлеген сөзінде Сауд Арабиясына қарата: «Сендер Иранның өңірдегі қуаты мен ықпалын анық білесіңдер, ол сендердің өңірдегі жасай алмаған мәртебелеріңнен әлде қайда күшті. Сендер ештеңе де емессіңдер!», – деп зілді сөздер арнаған еді. Ол тағы сөзінде: «Құрама Штат пен оның одақтастары бізбен күресу үшін әр түрлі тәсілдерді жұмылдырды, бірақ ештеңе де жасай алған жоқ», – деді. Оның бұндағы айтып отырғаны 1980 жылдары Ирактың Батыс және Араб елдерінің қолдауымен жаңадан құрылған Иран Ислам Республикасына қарата ашқан соғысы. Шығанақ соғысы деп аталатын бұл қақтығыс 8 жылдан кейін аяқталған еді.
Иран президентінің сөзінде: «Егер сендер Иранды дос деп қарамасаңдар, онда АҚШ пен еврей режимі сендерге дос болғаны. Сендер стратегиялық және өлшемдік тұрғыда қателесіп тұрсыңдар», – деді. Оның бұл сөзі Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың жақында жасаған баяндамасында айтылған: «Иранның «қауіп-қатері» туралы соңғы ескертулер Израиль мен араб көршілері арасында бұрын-соңды болмаған тығыз қарым-қатынасқа әкелді», – деген сөзіне қарата айтылды.
Екі ел үкіметінің бұл теке-тіресі Орта-Шығыс аймағында жаңа қақтығысқа жол ашуда. Иран президентінің бұл пікірлері шын мәнісінде соғыс ашу алдындағы үндеуге көбірек ұқсайды. Иран мен Сауд Арабиясы өңірде Ресей мен АҚШ-ты арқа сүйер еткен жаңа майданды ашқалы тұр.