Росгвардия офицері төрт бірдей әріптесін атып тастады – деп хабарлайды ВВС ақапарат қызметі.
Қазан айының 23-і күні Росгвардияның Шешенстандағы Шелковская бөлімшесінде ресейлік офицер төрт бірдей әріптесін атқан. Салдарынан оққа ұшқан төрт адам жергілікті ауруханалардың біріне жеткізілген. Ал оқ атқан офицердің өзі оқиға орынында кезекші бөлім сарбаздарының атқан оғынан көз жұмған. Қазіргі таңда аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған, бірақ офицердің не үшін мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.
Бұған дейін қыркүйек айының соңында Дағыстаннан Росгвардияға әскерге алынған 23 жастағы Гасан Абдулахадов Амур облысында Отан алдындағы борышын өтеп жатқан бөлімшенің офицерлері мен сарбаздарына қарата оқ жаудырған болатын. Салдарынан үш адам көз жұмып, екі адам жарақат алған. Ал Абдулахадовтың өзі оқиға оынында оққа ұшқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?