Қытай басшысы Ши Жинпиң (Си Цзиньпин) биліктегі ҚКП құрылтайының ашылу салтанатындағы сөзінде нарықтың шешуші ролін тағы бір рет қайталап, үкіметтің экономикалық дамудағы міндетін ойдағыдай атқаратынын атап өтті. Ол және нарықтық тетікті құруға назар аудару керектігін, ал оның микро-субъективті динамикалық, макроэкономикалық реттеу және экономикалық жүйені бақылау болып табылатынын алға тартты. Бұл туралы сол елдің «People» басылымының онлайн қызметі жазды.
Қытай жетекші партиясының аталған құрылтайы келесі бес жылда және одан тыс дамудың негізгі саясатының жоспарын әзiрлеуге бағытталып отыр. Бұл көршілес елдің алдағы саяси-экономикалық қадамдарын алдын ала болжауға үлкен мүмкіндік береді. Қытай құрылтайында талқыланған, шешім тапқан барлық тақырыптар алдағы уақытта сол елдің аттап басқан әр қадамынан көрініп отырады. Олай болса Қытай басшысы өзінің баяндамасында нелерді ортаға салды?
Ең әуелі экономикалық дамудың үкіметке басты міндет екенін айтқан Ши Жинпиң, макро-бақылауды жақсарту үшін, ұлттық дамуды стратегиялық жоспарын дамытуды баса дәріптеді.
Екіншіден, құрылымдық реформаның тереңдетуге уәде берді. Жеткізудің құрылымдық реформасы Қытайдың қосалқы қуатын, қарыздарын және тұрғын үй қорын қысқарту жоспарын білдіреді.
Үшіншіден, Ши Жинпиң пайыздық ставкаларды және айырбас бағамдарын нарыққа бағдарланған реформаны тереңдетуге, қызмет көрсету саласын сыртқы әлемге кеңейтуге уәде берді.
Төртіншіден, үкімет мемлекеттік кәсіпорындарды реформалайды, аралас меншік экономикасын дамытады және мемлекеттік капиталды күшейтеді.
Бесіншіден, Ши Жинпиң жоғарыдағы айтылғандай пәрменді даму жоспарлары арқылы, XXI ғасырдың ортасында Қытайлық ерекшелікке ие социалистік ел құрып шығып, әлемнің Қытайға қаратқан көзқарасын өзгертеміз деді. Бұнысы бірегей ұлттық дамудың тың жобасын түзуге үкіметке пәрмен түсіргенімен бірдей.
Айта кетейік, көрші елдің дүбірлі жиыны 24 қазанға дейін жалғасады. Құрылтай соңында ғана Ши Жинпиңнің өкілетті мерзімі жалғаса ма, жоқ па деген сұрақтың жауабы табылады.