2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанға әкелінген АҚШ долларының көлемі өткен жылы елден кеткен АҚШ қаржысы көлемінен асып түсті. Өткен жылы керісінше Қазақстаннан кеткен АҚШ долларының көлемі көп болған, деп жазды Ranking.kz.
Сонымен Қазақстанға 1,8 млрд доллар көлеміндегі АҚШ қаржысы келген және бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге немесе 693 млн долларға артық.
2016 жылдың қаңтар-тамыз айында 940 млн доллар қаржы Қазақстаннан кетіп, бұл соңғы 5 жылдағы елден шығарылған қаржының ең жоғарғы көрсеткіші болған. Алайда осы жылдың сәйкес кезеңінде керісінше, бұл көрсеткіш 90,4%-ға дейін немесе 90,1 млн долларға дейін азайған.
Ал Қазақстанға әкелінген еуро көлеміне келер болсақ, осы жылдың 8 айындағы көрсеткіш 182,3 млн еуроны құрады және бұл өткен жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 110,4 млн еуроға артық. Қаржының ең көп көлемі 2014 жылы әкелінген - 463,1 млн бірлік валюта келген.
Қазақстаннан шығарылған еуро валютасының көлемі 15,5 млн еуроны құрады және өткен жылмен салыстырғанда 84,1%-ға төмен.
Ресей рубліне келер болсақ, Қазақстанға әкелінген ең көп рубль көлемі 2015 жылы 78,7 млрд рубльге жеткен. Ал 2016-2017 жылдары сәйкесінше, 21,1 және 22,9 млрд рубль келген. Ал Қазақстаннан шығарылған ресейлік валютаның көлемі 2016 жылы 7,4 млрд рубльді құрады және бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?