Бүгін Алматы қаласында студент жастар арасында қазақ күресінен "Арландар сайысы" атты республикалық турнир болып өтті.
"Алматы Арена" спорт кешенінде өткен дүбірлі додағы 10 облыс пен Астана және Алматы қалаларының палуандар қатысты. Таңғы сағат 10:00-ден кешкі сағат 16:00-ге дейін күрескен студент жастар 60, 74, +90 келі салмақ дәрежелері бойынша кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде 60 килограмға дейінгі салмақта "Арландар сайысының" биылғы жеңімпазы болып Алматы облысының палуаны Ержан Еренғайыпов танылды. Ал 74 килограм салмақта алматылық Амангелді Төремісов чемпион атанса, 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде тағы бір оңтүстік астаналық палуан Руслан Әбдіразақов бас жүлдені иеленді.
Айта кететін бір жайт студант жастардың басын қосқан аталмыш турнир биыл Алматы қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылуда. Бірақ оған қарамастан турнирге қатысуға келген жас палуандардың саны көңіл қуантады.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады