Мадридтегі «Испания күніне» арналған парадтан кейін Лос Льянос әскери базасына жақын жерде «Eurofighter» шабуылшы ұшағы құлап түскен. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабарлады.
Ал, Франция ақпарат агенттіктерінің хабарына Испанияның қорғаныс министрі ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы растаған. Сонымен бірге Испания қорғаныс тараулары берген мәліметте ұшқыш апаттан қаза тапқан. Ұшқыш апат алдында орындықтың астында орнатылған атып шығару механизмін іске қосуға үлгермеген. Бұдан өзге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Испанияның кейбір танымал басылымдары жергілікті орындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап, ұшақ құлаған жерде өрт болғанын жазды.
«Испания күніне» орай өткізілген әскери парадқа король Филипп IV және премьер-министр Мариано Рохой қатарлы жоғары лауазымдылар қатысқан болатын. Каталониядағы заңсыз деп табылған референдумнан кейін елден орын алған саяси шиеленіс кезінде өткізілген парад Испания тұтастығын сақтауға зор әсер етеді делінген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі