АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбіде Канаданың премьер-министрі Жастин Трудомен кездесті. Кездесуде бұрынғы Солтүстік Америка еркін сауда келісімін, Канада және Мексикамен жеке-жеке жасасқан сауда ынтымақтастық келісімімен ауыстырды. Сол арқылы «Nafta» деп аталатын есікті ашты. Алайда, АҚШ президенті алдағы уақытта Құрама Штаттың Nafta-дан бас тартуы мүмкін екенін ескерте кетті. Бұл туралы «WSJ» басылымының сайты жазды.
Дональд Трамп сөзінде: «Егер келісімге келе алмасақ, Құрама Штат Нафтадан бас тартады. Бұл мәселе Трудо мырзаға да түсінікті деп ойлаймын», – деді. АҚШ президенті қазір 23 жыл бойы жалғасып келе жатқан Нафта келісімін қайта қарауды үкіметіне тапсырып отыр.
Трамптан Канада және Мексикамен жеке-жеке келісімнің жасалуының мүмкіндігі туралы сұрағанда ол: «Бұл түсінікті жайт. Үш жақты келісімге қарағанда екі жақты келісімнің мүмкіндігі жоғары», – деп қана жауап берді.
Ақ үй жақтың қорытынды мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде АҚШ пен Канада арасында ең негізгі келісім жүргізіліп жатыр.