Қазан айының 12-сі күні 2012 ТС-4 астероиды жерге жақындайды – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.
Иммануил Кант атындағы Балтық федералды университетінің зерттеулері бойынша, қазан айының 12-сі күні 2012 ТС-4 астероиды жерге жақын ұшып өтетін болады. Астеройдтың ұзындығы 13 метр ғана болғандықтан қарапайым адамдар оны көре алмайды. Оны тек арнайы құрылғылар арқылы көруге болады. Университет ғалымдарының сөзінше, 2012 ТС-4 астероиды 12-ші қазан күні таңғы сағат 6:42 жерден 50 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді.
Бұған дейін көптеген ғалымдар 2012 ТС-4 астероиды жермен 2015 жылы соқтығысады деп болжаған болатын. Екі жыл өткен соң Иммануил Кант университетінің ғалымдары 2012 ТС-4 астероидының жерге ешқандай қауіп төндірмейтінін дәлелдеп шыққан.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау