You Tube сайтында ресейлік сарбаздардың «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына тұтқынға түсу сәті бейнеленген видеоролик жарияланды.
Видеороликте Сүриядағы ресейлік сарбаздар Роман Заболотный мен Григорий Цуркановтың тұтқынға алынғаннан кейінгі сәттері бейнеленген. Онда Заболотный өзінің ресейлік екендігін және штабқа ұрыс алаңынан ақпарат жеткізу үшін кетіп бара жатқандықтары жайында айтқан. Одан бөлек видеороликте екі адам бейнеленген. Олардың бірі тағы бір ресейлік Григорий Цурканов пен тұтқынға түскен сүриялық сарбаз. Роликті Conflict Intelligence Team зерттеушілер тобы тапқан.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресей мемлекеттік думасының депутаты Виктор Водолацкий «Ислам мемлекеті» содырлары тұтқындағы Заболотный мен Цуркановты өлтіргендігі жайында айтқан болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?