Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған батыс елдерін террористерді қолдап отыр деп айыптады.
NTV телеарнасы таратқан ақпарат бойынша, Режеп Тайып Ердоған журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «"Ислам мемлекеті" мен "Әл-Кайда" лаңкестік ұйымдарының артында батыс елдері тұр. Террорлық ұйымдардың мүшелері батысқа барып пана табуда. Олардың барлығы батыстан қаржы алып отыр» - деген.
Бұған дейін Режеп Тайып Ердоған Германия басшысы Ангела Меркельдің «Түркияның Еуроодаққа мүше болуына ешқандай қажеттілік көріп тұрған жоқпын» деген сөзінен кейін: «Түркияға Еуроодаққа мүше болудың қажеті жоқ» - деп мәлімдеген болатын.