Ресми Анкараға Еуроодаққа мүше болудың қажеті жоқ – деп хабарлайды Sabah ақпарат көзі Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға сілтеме жасап.
Режеп Тайып Ердоған журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Еуроодақ 1963 жылдан бері Түркияның өзіне деген қарым-қатынасын дұрыс түсінбей келеді. Бұдан былай Түркияға Еуроодаққа мүше болудың қажеті жоқ» - деген.
Бұған дейін қыркүйек айының соңында Германия канцлері Ангела Меркель: «Түркияның Еуроодаққа мүше болып қабылдануына ешқандай мүмкіндік жоқ» - деген болатын. Бірақ кейіннен Еуроодақтың сыртқы істер өкілі Федерика Монерини: «Еуроодақ пен Түркия арасындағы келіссөздер жалғасуда» - деп мәлімдеген.